Халықтар достығы мерекесі
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға Дүние жүзі халықтар достығы жайлы мәлімет
беру, республикамызда тұратын халықтар достығының
мәнділігін түсіндіру, достыққа, бейбітшілікке баулу,
тақырып бойынша сурет салуға қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Оқушыны өз бетінше ойланып жұмыс жасауға, қорытынды
жасай білуге төселдіру, сурет салдыру арқылы сөздік қорын
молайту, ерік-жігерлерін ашу, оқуға деген сенімін
нығайтып, қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелілік: Орындалатын жұмыстар арқылы отансүйгіштікке,
мәдениеттілікке, сауаттылыққа тәрбиелеу және көркем
сурет салуға, оқушылар бойына адамгершілік, зеректік
сезімдерін ұялату.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан халықтары бейнеленген түрлі фотосуреттер мен суретшілер еңбегі, Қазақстан Республикасының Әнұраны, қалам, өшіргіш, қағаз, түрлі-түсті бояулар, қылқалам және т. б.
Сабақтың өту барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Үйге берілген тапсырманы тексеру.
- Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Тапсырмаларды орындау.
- Сабақты бекіту.
- Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Дүние жүзінде 5 миллиардқа жуық адам тұрады. Олар әр түрлі халықтардың құрамына енеді, әр тілде сөйлейді. Олардың әдет-ғұрпы да әр түрлі Халықтар бір-бірінен сыртқы түр-әлпетімен де өзгешеленіп отырады. Халықтардың көпшілігі өз ана тілінде сөйлейді. Кейде әр түрлі халықтар ортақ тілде сөйлеуі мүмкін. Мәселен, ағылшындар мен американдықтар бірыңғай ағылшын тілінде, ал немістер мен австриялықтар немісше, испандар мен Оңтүстік және Орталық Американың көптеген халықтары испанша сөйлейді. Алайда бұлар әр түрлі халықтар, олардың әрқайсысының өз тарихы, өмір салты, әдет-ғұрпы бар. Халықтар арасында ұлттық айырмашылықтар көп, бірақ бір-біріне ұқсас жалпы ортақ жайлар одан да мол. Олардың бәрі бірігіп, адамзат ұрпағын құрайды. Барлық халықтар, еңбекші бұқара бір тілекпен шаттық пен бақытқа толы бейбіт өмірге ұмтылады. Бұл күндерде кемелер мен ұшақтардың рейстері, телеграф пен почта байланыстары, халықаралық сауда қатынастары мен мәдени байланыстар дүние жүзіне тегіс жайылады. Халықтардың достыққа, қарым-қатынасқа ұмтылуы барған сайын нығая түсуде.
1 Мамыр – Дүние жүзі халықтарының ынтымақ күні. Бұл мейрам тұңғыш рет 1890 ж. атап өтілді. Сол уақыттан бастап бүкіл дүние жүзінің жұмысшылары жыл сайын 1 Мамырда мейрамдайды. Қазақ халқы да Халықтар достығы мейрамын құшақ жая қарсы алып, өз салт-дәстүрімен бейбітшілікке құштарлығын паш етеді. Оған мысал:
Май келді.
Көктем келді, май келді,
Шақырады тойға елді.
Бізбенен қол ұстасып,
Гүл терейік тысқа шық...
(Ғафу Қайырбеков.)
Халықтар достығы барлығымызға ыстық, достықтың басы, қасыңдағы досыңды сыйлаудан, ата-анаға деген мейірімділіктен басталады, осыны есте сақтағаның жөн.
Үйге тапсырма беру: Халықаралық достық күніне сурет сал, сынып плакатын ұжыммен сал.