
Қазақша тәрбие сағат: 1 мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ҚАЗАҚ ЕЛІ)
Халықтар достығы мерекесі
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға Дүние жүзі халықтар достығы жайлы мәлімет
беру, республикамызда тұратын халықтар достығының
мәнділігін түсіндіру, достыққа, бейбітшілікке баулу,
тақырып бойынша сурет салуға қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Оқушыны өз бетінше ойланып жұмыс жасауға, қорытынды
жасай білуге төселдіру, сурет салдыру арқылы сөздік қорын
молайту, ерік-жігерлерін ашу, оқуға деген сенімін
нығайтып, қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелілік: Орындалатын жұмыстар арқылы отансүйгіштікке,
мәдениеттілікке, сауаттылыққа тәрбиелеу және көркем
сурет салуға, оқушылар бойына адамгершілік, зеректік
сезімдерін ұялату.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан халықтары бейнеленген түрлі фотосуреттер мен суретшілер еңбегі, Қазақстан Республикасының Әнұраны, қалам, өшіргіш, қағаз, түрлі-түсті бояулар, қылқалам және т. б.
Сабақтың өту барысы:
Сабақтың барысы:
Дүние жүзінде 5 миллиардқа жуық адам тұрады. Олар әр түрлі халықтардың құрамына енеді, әр тілде сөйлейді. Олардың әдет-ғұрпы да әр түрлі Халықтар бір-бірінен сыртқы түр-әлпетімен де өзгешеленіп отырады. Халықтардың көпшілігі өз ана тілінде сөйлейді. Кейде әр түрлі халықтар ортақ тілде сөйлеуі мүмкін. Мәселен, ағылшындар мен американдықтар бірыңғай ағылшын тілінде, ал немістер мен австриялықтар немісше, испандар мен Оңтүстік және Орталық Американың көптеген халықтары испанша сөйлейді. Алайда бұлар әр түрлі халықтар, олардың әрқайсысының өз тарихы, өмір салты, әдет-ғұрпы бар. Халықтар арасында ұлттық айырмашылықтар көп, бірақ бір-біріне ұқсас жалпы ортақ жайлар одан да мол. Олардың бәрі бірігіп, адамзат ұрпағын құрайды. Барлық халықтар, еңбекші бұқара бір тілекпен шаттық пен бақытқа толы бейбіт өмірге ұмтылады. Бұл күндерде кемелер мен ұшақтардың рейстері, телеграф пен почта байланыстары, халықаралық сауда қатынастары мен мәдени байланыстар дүние жүзіне тегіс жайылады. Халықтардың достыққа, қарым-қатынасқа ұмтылуы барған сайын нығая түсуде.
1 Мамыр – Дүние жүзі халықтарының ынтымақ күні. Бұл мейрам тұңғыш рет 1890 ж. атап өтілді. Сол уақыттан бастап бүкіл дүние жүзінің жұмысшылары жыл сайын 1 Мамырда мейрамдайды. Қазақ халқы да Халықтар достығы мейрамын құшақ жая қарсы алып, өз салт-дәстүрімен бейбітшілікке құштарлығын паш етеді. Оған мысал:
Май келді.
Көктем келді, май келді,
Шақырады тойға елді.
Бізбенен қол ұстасып,
Гүл терейік тысқа шық...
(Ғафу Қайырбеков.)
Халықтар достығы барлығымызға ыстық, достықтың басы, қасыңдағы досыңды сыйлаудан, ата-анаға деген мейірімділіктен басталады, осыны есте сақтағаның жөн.
Үйге тапсырма беру: Халықаралық достық күніне сурет сал, сынып плакатын ұжыммен сал.
№11 жалпы орта білім беру мектебі
Дос болайық бәріміз |
Done by: Khodzhaeva A.
Ақтау -2016ж
Күні: 23.04.2016ж
Сыныбы: 2 сыныптар.
Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»
Мақсаты: Білімділігі: Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету. Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.
Дамытушылығы: Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту.
Тәрбиелігі: Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Іс-шараның жүру барысы:
Құрметті жиналған қауым!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны
1-жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді 1- мамыр- Қазақстан халықтарының бірлік, ынтымақ күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бір шаңырақтын астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлт-аралық татулық әрдайым берік болып, қашанда ынтымақ, бірлік мәнгі жасай берсін! «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді халқымыз. Бұл сөз тек айтылмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халқытар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
2-жүргізуші:
Good afternoon, dear teachers and the intelligent pupils of our school! You are welcome to our party «The first of May of unity of the peoples of Kazakhstan». We are very glad to see you! We congratulate you in a holiday. I wish you the best of everything! Today we have the guests. We hope that it will be interesting for you.
«Елім менің» әні үнтаспадан ойнап тұрады. Балалар әр ұлттың киімдерін киіп, бір шаңырақ астында тұрып сахнаға кіріп келеді.
1-жүргізуші:
Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, Орыс мәдени орталығына сөз кезегін береміз.
/Орыс халқының сәлемі/ /2- сынып оқушылары/
1-жүргізуші:
Сөз кезегін Өзбек мәдени орталығына береміз.
/Өзбек халқының сәлемі/ /2- сынып оқушылары/
1-жүргізуші:
Сөз кезегін ағылшындарға береміз
/Ағылшын елінің сәлемі/ /2- сынып оқушылары/
1-жүргізуші:
Қазақ жері ортақ Отан, ортақ өлке болып, әр азаматтың мекеніне айналған. Келесі кезекті украйн мәдени орталығының өкілдеріне береміз.
/Украйн халқының сәлемі/ /2- сынып оқушылары/
1-жүргізуші:
Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық дәмімізді ұсынатын, ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне алғашқы сөз кезегін береміз.
Сахна төріне қошеметпен 2 сынып оқушыларын өз тақпақтарымен қарсы алайық.
2-жүргізуші:
Meet our pupils of the second form with their poems.
1-жүргізуші:
Жас ұрпақ жас ғұмырдың талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын, - дегендей 2-сынып оқушыларын қазақ биімен қарсы алайық.«Көктем биі»
2-жүргізуші:
Meet our pupils of the second form with their Kazakh dance.
1-жүргізуші:
2-сынып оқушыларын «Ақ көгершін» әнімен ортаға шақырайық.(хормен)
2-жүргізуші:
Every day, on the twenty first of September our country celebrates the day of languages! All of us must speak 3 languages: Kazakh, Russian and English, because the knowing of languages is our treasure!
1-жүргізуші:
Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ-дегендей қазақ тілін зерттеушілердін барлығы да бір ауыздан бұл тілді ең бай, ең таза түркі тілдерін бірі деп таниды. Сахна төріне қошеметпен 2 сынып оқушыларын өз тақпақтарымен қарсы алайық.
2-жүргізуші:
Each people must know their language, culture and traditions.
Kazakhstan is our common home. Besides Kazakh and Russian people, there are 2 thousand representatives of about 130 peoples in Kazakhstan. Meet our pupils of the second form with their Uzbek dance.(нозли гулим)
1-жүргізуші:
Ана тілінің тағдыры туралы жырлап өткен ақындар аз емес. Солардың ішінде ақиық ақын Т. Молдағалиев былай деген
Туған тілім—тірлігімнің айғағы,
Тілім барда ашылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін.
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін - дегендей 2 сынып оқушыларының қатысуымен «Қырғыз бен грузин айтысы » қойылымын тамашалаңыздар.
2-жүргізуші:
Knowing of languages is very important for us. We must know three languages. These are Kazakh, Russian and English. Meet our pupils of the second form with their poems.
1-жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!- сахна төріне 2-сынып оқушыларын украйн биімен қарсы алайық.( ты ж мэнэ пидманула)
2-жүргізуші:
May day is the holiday of the first day of the month of May. It is the time of year when warmer weather begins and flowers and trees start to blossom. Meet our pupils from 2«з» form with the song «Жаса жаса қазақ елі»
1-жүргізуші:
Кұрметті қонақтар сіздерді Тіл мерекесімен тағы-да құттықтай отырып, еңбектеріңіздің жемісін көріп, бақытты өмір сүрулеріңізге шын жүректен ниетімізді білдіреміз. Әрбір арайлап атқан таңдарыныз қуанышты күнге толы болсын!Баршаларыңызға, әр Қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт – береке тілейміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Назарларыңызға рахмет! Келесі жүздескенше күн нұрлы болсын.
2-жүргізуші:
I’ll hope you will enjoy today's concert. Children thank you for your activity
Ынтымағы жарасқан ел
Мақсаты: 1- мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін балаларға жеткізу;
Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
(зал мерекеге сай безендірілген)
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұжымдастар, балалар бүгінгі меркеңіз құтты болсын!
Тәуелсіздік кіндігін
Кескен халық бірлігі.
Ынтымағы барша ұлттың
Нұрын шашқан күн бүгін.
Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 130-дай ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп келеді. Сондықтан 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып аталады. Бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Олай болса балабақша бүлдіршіндерін қол соғып қарсы алайық.
(музыка әуенімен шаңырақ ұстап балалар ортаға шығады)
Барлығы бірге: Болсын су мен жерде ортақ
Болсын бізге тауда ортақ
Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз бәріміз.
Жүргізуші: Құрметті ұжымдастар, балалар қазір ортаға балабақша директоры ________________________ сөз кезегін береміз
Жүргізуші: Жарасқан байрақтың мәні бар,
Көк аспан, күн – қыран сәні бар.
Көк байрақ ашық күн кеңісім,
Алтын күн белгісі жеңістің.
Балалардың орындауында Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»
Жүргізуші: Көрікті өлкеме қарашы,
Тізілген орман – тау, қаласы.
Алтай мен Атырау арасы,
Қазақтың кең – байтақ даласы.
Олай болса, балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Нұртілек: Достығымыз жарасқан
Ақпыз, қара, сарымыз
Қара жер мен көк аспан,
Отақ дала туымыз.
Ақкүміс: Бірлік біздің туымыз,
Бейбітшілік жырымыз,
Дос туалы ән айтсақ
Жарқын шығар үніміз.
Жаннұр: Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз бәріміз.
Бір отанда тұрамыз
Бір бақшаға барамыз.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, қадірлі ата-аналар ендігі кезекте балалардың биін тамашалаңыздар.
Би: «Қазақ биі»
(Рамазан-Жанэль, Асхат-Ақерке)
Жүргізуші: Кім білмес қазағымның қою шайын,
Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын.
Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,
Құрметпен шығаратын төрі дайын.
Келіңіз ұсынамын төрден орын,
«Досым» деген адамға міне қолым.
Әр қазақтың жүрегінде осы тілек,
Адамзат, оң сапарда болсын жолың!
(Осы кезде ортаға музыка әуенімен Сайқымазақ кіреді)
Сайқымазақ: Сәламатсыздар ма! Бұл жерде не болып жатыр?
Жүргізуші: Бүгін бізде балабақша бүлдішіндеріміздің «Ынтымақ мерекесін» тойлаудамыз.
Сайқымазақ: Мен де сіздермен бірге ән салып, би билесем болама?
Жүргізуші: Балалар мерекені Сайқымазақпен бірге жалғастырамызба?
Балалар: Ия
Сайқымазақ: Олай болса сіздермен бірге «көңілді» би билейік
(балалармен бірге көңілді би)
Жүргізуші: Ендеше Сайқымазақпен бірге сурет салайықшы.
(Балалар мерекеге арналған суреттерді сайқымазақпен бірге салады)
Жүргізуші: Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көзімізде жарқырайды жарық күн.
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн.
Өзге ұлт өкілдерінің өнерін тамашалаңыздар.
Самина: Ұлтым менің молдаван
Достықты елім қолдаған
Ынтымақ күні сіздерге
Құттықтауын жолдаған
Қызбақыт: Татар қыз құлпырып
Сұлулығы тұр тұнып
Мерекеңмен құттықтап,
Алдыңызға тұр шығып
Диана: Азербайжан еліміз
Достыққа біз сенеміз
Жер бетінде бар ұлты
Бауырым деп білеміз
Жүргізуші: Достық бізге тым ыстық,
Бірлік – байлық, ырыс – құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық!
Ортаға орыс ұлтын қарсы алайық
Би: «Орыс биі»
(Шұғыла-Нұрсәт)
Сайқымазақ: Жарайсыңдар балалар, қандай әдемі боялған. Сіздердің өнерлерің маған өте қатты ұнады. Мен мұны өзіммен бірге алып кетейін. Балалар мен басқа да балабақшаға баруым керек, күтіп қалған шығар. Олай болса кездескенше. Қош сау болыңдар балалар?
(шығып кетеді)
Балалар: Сауболыңыз
Жүргізуші: Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Кезекте балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздыр
Бекнұр: Аталарым достықты
Сара жолын қуыпты
Өсиет боп халықтың
Жүрегінде қалыпты
Бейбарыс: Қара, ағы, бәріде
Туыс бізге әрие
Ынтымақпен достықты
Шығарамын төріме
Саясат: Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Ұлы жұртым орыс халқым.
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқын, менің даңқым.
Жүргізуші: Достық бізге тым ыстық,
Бірлік – байлық, ырыс – құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық!
Ортаға «Өзбек» ұлтының биін қабыл алыңыздар.
(Асель)
Жүргізуші: Әй,әлемнің әділ жанды балалары,
Әкелермен аталарға айтайық
Ажал оғын атпасын
Тыныштықты сақтасын.
Осымен бүгінгі балабақша бүлдіршіндеріміздің бірлік күніне арналған «Ынтымағы жарасқан ел» атты кешіміз өз мәресіне жетті. Кездескенше қош сау болыңыз.
Шығарма
1 мамыр - Бірлігіміз жарасқан
Қазақстан Халықтарының Бірлігі мерекесі елімізде жыл сайын тойланады. 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың белгісі – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Ұлт өкілдерінің осыншалықты көптігіне қарамастан бір шаңырақ астында бір отбасының баласындай тату өмір сүрудеміз.
Елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. Халықтар бір-бірінің мәдениеті мен салт-дәстүрін үйреніп, бірлігіміз нығая түсуде. Жыл сайын
1 мамыр мерекесінде қаламызда халықтарды ынтымаққа, бірлікке шақыратын іс-шаралар өтуде.
Менің ойымша байлықтың ең үлкені – халықтардың достығы. Біз басынан талай қиыншылық өткен кездерде бір үзім нанды жолдасымен бөліп жеген қазақтың ұрпағымыз. Қуғын-сүргін құрбаны болған түрлі ұлт өкілдеріне біздің еліміз пана болған. Қазіргі кезде тілі басқа болғанымен, бір үйдің баласындай тілегі бір халықпыз. Бүгінде осы татулықтың арқасында еліміз тыныш, жұртымыз аман. Осы берекеміз, бірлігіміз ұзағынан болсын деп тілеймін.
Ахметова Назерке
3 « Г » сынып оқушысы
Задачи: - сформировать между детьми дружеские взаимоотношения;
- научить детей помогать друг другу, уважать и ценить
отношение между людьми;
- воспитывать дружеские взаимоотношения между людьми разных национальностей.
- воспитывать чувство патриотизма, любви и уважения к Родине: ее природе, обычаям, традициям.
Оборудование:
Шары, цветы, ленты разноцветные.
Голуби – как символ мира и согласия. (пожелания)
Ход мероприятия.
Учитель: Приходит каждый год праздник май
С собой он счастье нам несёт.
Ему все рады: взрослые и дети
На нашей солнечной планете.
Кто б ни был ты, казах или татарин, русский или еврей,
Объединяет этот праздник всех людей,
И наша дружба крепче расцветает.
Здравствуйте дорогие ученики! Поздравляем вас с праздником Единства народов Казахстана! Желаем вам счастья, успехов, здоровья мира, и благополучия!
Ученики:
Да здравствует Первое Мая
Весенний и праздничный день,
Природа весной пробуждается
И расцветает сирень.
Давайте дарить поздравления
Любимым родным и друзьям
Скажите, как сильно вы любите,
Как все они дороги Вам.
Учитель: Весной много праздников. И один из таких праздников 1 Мая – День единства народов Казахстана (День межнационального согласия). Это праздник мира, труда, дружбы. Поодиночке не сделать того, что можно сделать вместе. Один посадит дерево, а все вместе – сад. Один успеет положить только кирпич, а вместе уже построили дом! Соединяет людей дружба.
Когда живётся дружно,
Что может лучше быть!
И ссориться не нужно,
И можно всех любить.
Исполняется песня «Если с другом вышел в путь»
Учитель: Праздник весны, единства проникнут духом дружбы и солидарности народов. Велика наша Родина – Казахстан. Многонациональна наша республика: казахи и русские, украинцы и белорусы, татары и немцы, корейцы и поляки, узбеки и уйгуры, и многие-многие другие – люди всех национальностей отмечают праздник Первомай.
Я думаю, что вы знаете казахские пословицы и поговорки о Родине. Сейчас мы их проверим. (Учитель раздает пословицы, поделенные на две части. Ребята должны их собрать и прочитать.)
Пословицы:
От Родины веет теплом, а от чужбины холодом.
Если дружба велика, значит Родина сильна.
Народная дружба и богатство — дороже богатства.
Родная земля — золотая колыбель.
Человек без родины, что соловей без стада.
Мы дружной семьею живем в Казахстане
Татары, уйгуры и русские с нами.
Так пусть же крепнет во веки веков
Дружба народов всех возрастов.
Дружба народов — не просто слова,
Дружба народов навеки жива.
Учитель: Всех нас, людей всех национальностей объединяет одно из важных понятий: МЫ- народ Казахстана. Мы едины и в этом наши сила и успех. И 1 мая мы отмечаем День единства народов Казахстана.
— Ребята, а сейчас мы проверим, что вы знаете о нашей Республике. Проведем небольшую викторину, проверим ваши знания.
Викторина
Исполняется песня «Улыбка» Учитель: Для будущего процветания нашей страны необходимы стабильность внутри государства, дружба и согласие между народами, населяющими её. И мне хотелось бы закончить наше мероприятие строками из стихотворения о Казахстане:
На просторах Казахстана
Много разных народов живет.
Все народы, как братья равны,
Всем народам — любовь и почет.
Мир — солнышку и детям,
Мир — природе, мир — весне!
Мир — былинке, мир — планете!
Мир — всем людям на Земле!
А сейчас давайте встанем все в круг и возьмемся за руки, крепко-крепко. И так мы с вами пожелаем друг-другу всего самого хорошего, доброго, теплого. Так мы с вами поймем, что мы не одни, мы с вами одна дружная семья, мы очень близкие друзья. Пусть у нас не всегда что-то ладится и иногда случаются споры, но это как бы в шутку. Ведь нам с вами еще быть вместе несколько лет. Поэтому сожмите руки еще крепче и дружно скажите – Мы вместе, мы одна семья! А теперь садитесь на свои места. А нашим гостям хотелось бы сказать:
Қазақша презентация (слайд): 1 Мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні
Қазақша Құттықтау - тілек: 1 Мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні
Қазақша өлең: 1 Мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (Туысқан жұрттар тұрағы)